Құрметті қонақтар, әріптестер және ата-аналар!
Сіздер, "Ботакөз " бөбекжайы" МҚКК ұжымы- мектепке дейінгі ұйымның Интернет сайтына қош келдіңіздер! Біз өз бөбекжайымыз туралы айтқымыз келеді. Бұл біздің бөбекжайымыздың мерекелері мен күндері, бұл біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы жеңістері мен ашылуы. Бұл бақшамыздағы өміріміздің әр минут сайынғы кезеңі . Біздің бөбекжайда жұмыс істейтін қызметкерлер өз жүрегінің жылуын көрсете алатын, шығармашыл және мейірімді адамдар .Олар біздің тамаша балабақшамызда балаларға қызықты және жайлы болу үшін барлық жағдай жасауға дайын, әрқашанда жайлылық пен мейірімділік, ашықтық пен өзара сенім атмосферасын құруға ұмтылады. Біздің сайтта сіз біздің мектепке дейінгі ұйым туралы, оның жұмысының ерекшелігі мен басым бағыттары, біздің балалар мен педагогтердің табыстары мен жетістіктері туралы толық ақпаратты біле аласыз, Сіздерді қызықтыратын сұрақтарға жауап ала аласыз. Сайтқа кіргеніңіз үшін Алғыс білдіреміз!
Бөбекжай меңгерушісінің м.а. Жармакова Алия Темирбайқызы